Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл

Жетісуда ерлі-зайыпты 21 адамды қаржы пирамидасына тартқан

Жетісуда ерлі-зайыпты 21 адамды қаржы пирамидасына тартқан
ашық дереккөз

Жетісу облысында «CVK» брендін жамылып, қаржы пирамидасын ұйымдастырған ерлі-зайыпты сотталды, деп хабарлайды ult.kz.

Облыстық прокуратураның үйлестіруімен жүргізілген шаралар нәтижесінде қаржы пирамидасының құрылымдық бөлімшесінің қызметі тоқтатылды. Оны екі жергілікті тұрғын басқарған.

Тергеу барысында ерлі-зайыптылар азаматтарға салған ақшасынан табыс табуға уәде беріп, инвестициялық «пакеттерді» сатып алуды ұсынғаны анықталды. Сондай-ақ жаңа қатысушыларды тартқаны үшін ақшалай сыйақы мен түрлі сыйлықтар түрінде қосымша бонус беруге уәде еткен.

Алайда бұл ұсыныстар қаржы пирамидасының белгілеріне ие болған. Нәтижесінде 21 салымшы зардап шеккен.

Сот үкімімен ерлі-зайыптылар ҚР Қылмыстық кодексінің 217-бабы 2-бөлігі бойынша (қаржы пирамидасын құру және оған басшылық ету) кінәлі деп танылды. Оларға 2 жыл 4 ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енді.