Шығыс Қазақстан облысында пробация есебінде тұрған сотталушы электронды бақылау білезігін шешіп, тұрғылықты мекенжайынан өз бетінше кетіп қалған, деп хабарлайды ult.kz.
Алайда ол цифрлық бақылау жүйесінен бой тасалай алмады. Жүйе электронды білезіктің шешілгенін бірден тіркеп, заңбұзушылық туралы белгі берген.
Көп ұзамай ер адам бейнебақылау камералары арқылы анықталып, қолға түсті.
Оқиғадан кейін сот оның жазасының өтелмеген бөлігін бас бостандығынан айыру жазасына ауыстыру туралы шешім қабылдады. Нәтижесінде пробация талаптарын бұзып, бақылаудан қашпақ болған азамат қайтадан түрмеге қамалатын болды.