Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл

Серік Сәпиев қасиетті Меккеден сүйінші хабар айтты

Серік Сәпиев қасиетті Меккеден сүйінші хабар айтты
Фото: әлеуметтік желі

Лондон Олимпиадасының чемпионы, танымал боксшы Серік Сәпиев қасиетті Меккеге барып, мұсылман қауымына ақ тілегін арнады, деп хабарлайды ult.kz.

Спортшы әлеуметтік желідегі парақшасында Меккеден жазба жариялап, барша мұсылманға қасиетті мекенге табан тіреуді тіледі.

“Ассалаумағалейкум, мұсылман бауырлар! Баршаңызға осында келуді нәсіп етсін”, – деп жазды Олимпиада чемпионы.

Серік Сәпиевтің Меккеге қандай сапармен барғаны нақтыланбаған.

Қазақтың біртуар ғалымы дүниеден өтті.

Серік Сәпиев кім?

Серік Сәпиев 1983 жылы 16 қарашада Қарағанды облысының Абай қаласында дүниеге келген. Ол – қазақ боксының тарихында өзіндік орны бар даңқты спортшылардың бірі.

2012 жылы Лондонда өткен Олимпиада ойындарында 69 келіге дейінгі салмақта алтын медаль жеңіп алды. Сондай-ақ Олимпиаданың ең үздік боксшысына берілетін Вэл Баркер кубогын иеленді.

Бұдан бөлек, спортшы 2005 және 2007 жылдары әлем чемпионы атанып, 2010 жылғы Азия ойындарында алтын медаль жеңіп алған.

Кәсіби спорттағы мансабын аяқтағаннан кейін Сәпиев қоғамдық және мемлекеттік қызметке араласты. Ол Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері.