Танымал әнші Қайрат Нұртас Атырауда өткен концертінде жанкүйеріне күтпеген сый жасап, көпшілікті таңғалдырды, деп хабарлайды ult.kz.
22 қараша күні өткен ән кешінде өнер иесі көрермендер арасындағы бойжеткендердің бірін сахнаға шақырған. Әнші оған француздың әйгілі Louis Vuitton (LV) сән үйінің өзіне тиесілі көзілдірігін сыйға тартқан.
Сүйікті әншісінен ерекше сыйлық алған бойжеткен қуанышын жасыра алмады. Концертке ән тыңдау үшін келген жанкүйер сахнаға шығып, өнер иесінің жеке бұйымына ие боламын деп күтпеген болуы керек.
Әншінің бұл әрекеті кештің есте қаларлық сәттерінің біріне айналды.
Айта кетейік, Ерке Есмаханның басы дауға қалды.
Қайрат Нұртас кім?
Қайрат Нұртас – қазақстандық эстрада әншісі, актер және кәсіпкер. Ол 1989 жылы 25 ақпанда Түркістан қаласында дүниеге келген. Толық аты-жөні – Қайрат Нұртасұлы Айдарбеков.

Өнер жолын бала кезінен бастаған әнші 2008 жылы алғашқы жеке концертін өткізген. «Ауырмайды жүрек», «Арман», «Алматының түндері», «Сені сүйем» сынды әндері арқылы көпшілікке танылды.

Әншілікпен қатар кино саласында да бақ сынап, «Өкініш», «Арман. Ангелы не спят» фильмдерінде басты рөлдерді сомдаған.
Әншінің анасы Гүлзира Айдарбекова – продюсер, ал жары Жұлдыз Әбдікәрімова – актриса. Олардың төрт баласы бар.