Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл

“Мені Мейрамбек еткен – өздеріңіз”: Бесбаев халыққа жүрекжарды жазба арнады

“Мені Мейрамбек еткен – өздеріңіз”: Бесбаев халыққа жүрекжарды жазба арнады
Фото: Нейрожелі арқылы жасалды

Белгілі әнші Мейрамбек Бесбаев 50 жас мерейтойына арналған концертінен кейін әлеуметтік желіде жазба жариялап, көрермендеріне, отбасы мен жақындарына алғыс білдірді, деп хабарлайды ult.kz.

Өнер иесі алыстан арнайы келген ағайынға, әндерін бірге шырқаған көрермендерге және әлеуметтік желі арқылы ақ тілегін арнаған барша жанға ризашылығын жеткізді.

“Ал ең үлкен алғысым – қазақ еліне, қадірлі көрерменге! Сіздердің әрбір жылы сөздеріңіз, шынайы ықыластарыңыз бен ыстық қошеметтеріңіз мен үшін баға жетпес байлық”, – деп жазды әнші.

Сондай-ақ Бесбаев 50 жасқа толған шағында өткен өміріне көз жүгіртіп, өнер жолындағы жетістігі үшін халыққа қарыздар екенін айтты.

“50 жас – бір белеске жету ғана емес, өткен өміріңе есеп беріп, алдағы жолыңа жауапкершілікпен қарайтын кезең екен. Осы уақытқа дейінгі әндерімнің ғұмыры ұзақ болса, ол – халықтың арқасы. Әндеріме өмір сыйлаған да, мені Мейрамбек еткен де – өздеріңіз!” – деді өнер иесі.

Әнші қуанышы мен қиындығын бірге бөлісіп келе жатқан отбасына да ерекше алғыс білдірді. Ол халықтың ықыласынан артық марапат жоқ екенін айтып, шығармашылық жолын жалғастыратынын жеткізді.

“Елдің ықыласынан артық марапат жоқ. Халықтың қошеметінен асқан бақыт жоқ! Ән әлі де шырқалады, өнер әлі де жалғасады!” – деп түйіндеді Мейрамбек Бесбаев.

Айта кетейік, Мөлдір Айтбай Өмірқұл Айниязовпен татуласқанын айтты.

Мейрамбек Бесбаев кім?

Мейрамбек Әбіләшімұлы Бесбаев – қазақ эстрадасының танымал әншісі, термеші, “МузАРТ” тобының мүшесі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.

1976 жылы 8 қарашада Жамбыл облысының Талас ауданында дүниеге келген. Бала кезінен өнерге жақын болып, Тараздағы музыкалық мектептің қобыз сыныбында білім алған. Кейін Т. Жүргенов атындағы өнер академиясында актерлік мамандықты меңгерген.

Әнші жастайынан “Бозторғай” әнін орындап, көпшілікке танылды. “Кеш жарық”, “Шашбаулым”, “Өз елім” секілді әндері арқылы тыңдарман ықыласына бөленді.

2012 жылы “Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері” атағын иеленген. Сондай-ақ “Дарын” мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты.

Өнер иесінің жұбайы – Мархабат. Ерлі-зайыпты Кәусар есімді қыз бен Әбухайыр есімді ұл тәрбиелеп отыр.