Актриса Дариға Бадықованың анасы қызының Олжас Абаймен қарым-қатынасына алғашында қалай қарағанын айтып берді. Ол тіпті қызын күйеу баласынан қызғанғанын жасырмады, деп хабарлайды ult.kz.
Бұл туралы актрисаның анасы "Жетінші арнаға" берген сұхбатында мәлімдеді. Айтуынша, Дариға мен Олжастың бірге ән шырқағанын теледидардан көргенде ерекше күй кешкен.
"Теледидардан екеуінің бірге өлең айтып тұрған кезін көргенде, өз қызымды Олжастан қызғандым. Шын айтам. "Менің қызымда несі бар мынаның?" деп ойладым", – деді ол.
Алайда кейін актрисаның анасы екеуінің қосылуына қарсы болмаған. Тіпті ел арасында Дариға мен Олжас туралы әңгіме көбейген тұста қызына тұрмысқа шығуға кеңес бергенін айтты.
"Үйленетіндерінің алдында мен айттым: "Қызым, жұрттың бәрі шуылдап, сендерді қосып жатыр ғой. Неге үйлене салмайсыңдар?" дедім. "Қосылсаңдар, қосылыңдар" дедім. Мен ешқандай жаман ойға келген жоқпын. Бақытты болыңдар деп батамды бердім", – деді актрисаның анасы.
Осылайша, алғашында қызын Олжастан қызғанған ана кейін екі жастың шаңырақ көтеруіне өзі де тілекші болғанын жеткізді.