Танымал актер Рүстем Жаныаманов өзге аруларға деген көзқарасы мен отбасылық құндылықтары жайлы ой бөлісті, деп хабарлайды ult.kz.
Өнер иесі өзге қыз-келіншектерге ерекше қызығушылық танытпайтынын ашық айтты. Тіпті сұлулығымен көзге түскен аруға назары ауған күннің өзінде, бұл өткінші әсерден аспайтынын жеткізді.
Актер өмірлік серігін әлдеқашан таңдағанын және сол таңдауына көңілі толатынын жасырмады. Оның айтуынша, өзге жанға қызығудан гөрі қолындағы бақыттың қадірін білу әлдеқайда маңызды.
Сондай-ақ өнер иесі қазіргі өміріне риза екенін айтып, маңдайына бұйырған бақыты үшін Аллаға шүкіршілік ететінін жеткізді.
Рүстемнің бұл сөзі оның отбасына деген адалдығы мен өмірлік ұстанымын аңғартты.
Айта кетейік, Рүстем мен Жанаргүл ұлдарының қазасынан кейін алғаш рет сұхбат берді.
Рүстем Жаныаманов кім?
Рүстем Жаныаманов – қазақстандық театр және кино актері, продюсер, дубляж актері. 1988 жылы 12 қаңтарда Алматы қаласында дүниеге келген.

Ол “Келінжан”, “Сержан Братан”, “Копы 667”, “Класстастар”, “Агашки по вызову”, “Жаным, ты не поверишь!” сынды фильмдер мен телехикаяларда рөл сомдаған. Комедиялық және драмалық образдары арқылы көпшілікке танылған.

Актердің жары Жанаргүл Жаныаманова да – өнер иесі. Ол Мұхтар Әуезов атындағы театрда актриса болып еңбек еткен.
Ерлі-зайыпты 2024 жылы берген сұхбатында тұңғыштарының сырқатымен алты жыл бойы күрескенін, қиын кезеңде бір-біріне қолдау көрсетіп, отбасының беріктігін сақтай білгенін айтқан.