Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл

25 қарашаға арналған ауа райы болжамы

25 қарашаға арналған ауа райы болжамы
Фото: Нейрожелі арқылы жасалды

25 қарашада Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр мен қар жауып, тұман түседі. Елдің солтүстігінде, шығысында және орталығында көктайғақ болып, кей өңірлерде желдің екпіні 29 м/с-қа жетеді, деп хабарлайды ult.kz.

Астана, Алматы және Шымкентте: Астанада жаңбыр аралас қар жауып, күндіз +2…+4°C болады. Алматыда жаңбыр жауып, ауа температурасы +17…+19°C-қа дейін көтеріледі. Шымкентте жаңбыр жауып, күндіз +12…+14°C болады.

Солтүстік және орталық өңірлерде — Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар және Қарағанды облыстарында жаңбыр аралас қар жауып, көктайғақ болады. Облыс орталықтарында күндіз ауа температурасы 0…+5°C шамасында болады. Ұлытау облысында тұман түсіп, жел күшейеді.

Батыс өңірлерде — Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстарында тұман түседі. Кей жерлерде жаңбыр жауып, жел күшейеді. Ақтөбе, Атырау және Оралда күндіз +4…+6°C, Ақтауда +13…+15°C болады.

Оңтүстік және шығыс өңірлерде — Алматы, Жетісу, Жамбыл, Абай және Шығыс Қазақстан облыстарының кей аудандарында қатты жауын-шашын күтіледі. Түркістан мен Қызылорда облыстарында тұман түседі. Облыс орталықтарында күндіз ауа температурасы +8…+19°C аралығында болады.