Қазақстан Ұлттық банкі 2026 жылғы 24 қарашаға арналған шетел валюталарының ресми бағамдарын жариялады, деп хабарлайды ult.kz.
Ресми мәліметке сәйкес, бір АҚШ доллары 455,12 теңге болды. Доллар алдыңғы күнмен салыстырғанда 12 тиынға қымбаттады.
Еуроның бағамы 498,99 теңгені құрап, 22 тиынға өсті. Ал Ресей рублі 5,55 теңге болып, бір тиынға арзандады.
Қытай юанінің бағамы 68,29 теңгені құрады. Айта кетейік, банктер мен валюта айырбастау орындарындағы сатып алу және сату бағамдары ресми көрсеткіштерден өзгеше болуы мүмкін.