Сәкен Майғазиевтің жалғыз ұлы Астанаға көшіп кетті

Сәкен Майғазиевтің жалғыз ұлы Астанаға көшіп кетті
Коллаж: әлеуметтік желі

Танымал әнші Сәкен Майғазиевтің ұлы мен келіні Астанаға қоныс аударып, жеке шаңырақ көтерді. Жас отбасының бұл шешімі әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті, деп хабарлайды ult.kz.

Бұл туралы әншінің келіні Әдия әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. Ол жаңа үйге орналасып, тұрмыстық заттарын реттеудің ерекше әсер сыйлағанын атап өткен.

«Жаңа үйді орналастыру, жаңа ыдыстарды қолдану – ең күшті сезімдердің бірі», – деп жазды Әдия.

Оның жазбасынан кейін оқырмандар жас отбасының ата-анасынан бөлек тұру туралы шешіміне қатысты пікір білдіре бастады. Әсіресе Сәкен Майғазиевтің жалғыз ұлының жеке шығуы көпшіліктің назарын аударған.

Желі қолданушыларының бір бөлігі жас жұбайлардың шешімін қолдап, әр отбасы өз алдына жеке тұрғаны дұрыс екенін айтса, енді бірі олардың бұған дейінгі сөздерін еске салды.

«Оның үстіне жалғыз ұл», «Әр отбасы жеке тұру керек», «Сұхбатында бөлек шықпаймыз деген еді, бәрібір кетіпті», «Сәкен неге жалғыз ұлын бөлек шығарды екен?» – деп жазды олар.

Сонымен қатар кейбір оқырман ене мен келіннің қарым-қатынасына қатысты түрлі болжам айтып, жас отбасының не себепті Астанаға көшкеніне қызығушылық танытты.