Мирас пен Құралай төрт қабатты үйін сатылымға шығарды

Мирас пен Құралай төрт қабатты үйін сатылымға шығарды
Фото: Нейрожелі арқылы жасалды

Әнші Мирас Бекжанов пен жұбайы Құралай үйлерін сатылымға шығарды. Өнерлі жұп бұл туралы TikTok желісінде жариялаған видеосында айтты, деп хабарлайды ult.kz.

Мирас Бекжановтың сөзінше, төрт қабатты баспананың аумағы 900 шаршы метрді құрайды. Әнші осы шаңырақта талай қуанышты күндерді өткізгенін айтып, үйге деген ризашылығын білдірді.

«Құралай, мен бұл үйге ризамын. Құдайға шүкір, осы үйге көшіп келгеннен бері той да той. Тойымыз тойға ұласып жатыр. Концерттерімізді де өткізіп жүрміз. Қаншама қонақтарымыз бен құдаларымызды күтіп алдық», – деді ол.

Ерлі-зайыптылар зәулім баспанасын 290 миллион теңгеге бағалаған.

Айта кетейік, Димаштың тосын әрекеті жұртты күлкіге қарқ қылды. 

https://vt.tiktok.com/ZSpeDmrHg/

Мирас пен Құралай кім? 
 

Мирас пен Құралай Бекжановтар – қазақ эстрадасына отбасылық дуэт ретінде танылған әншілер. Ерлі-зайыптылар классикалық және эстрадалық бағытта ән орындайды. 

Мирас Бекжанов 1974 жылғы 25 сәуірде Ақтөбе қаласында дүниеге келген. Ахмет Жұбанов атындағы музыкалық колледждің дирижерлік бөлімін, кейін Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының вокал бөлімін бітірген.

Құралай 1976 жылғы 8 наурызда сол кездегі Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай ауданының Грачи ауылында туған. Ол да Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында білім алған. 

Өнерлі жұптың «Асыл жарым» атты ән жинағы жарық көрген. Сондай-ақ олар «Мирас-Құралай» вокалдық орталығын ашып, әншілік тәжірибесін жас өнерпаздарға үйретуге ден қойған.