Қазақстанның мәдениет қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері Мұқан Шәкір 81 жасқа қараған шағында дүниеден озды. Қаралы хабарды Асқар Тоқпан атындағы театр ұжымы жеткізді, деп хабарлайды ult.kz.
Театр ұжымы қазақ өнерінің абыз ақсақалы атанған актердің қазасына байланысты көңіл айтты.
«Қазақ өнерінің абыз ақсақалы, Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері, Шымкент қаласының Құрметті азаматы Мұқан Шәкірдің дүниеден өтуіне байланысты қайғыра көңіл айтамыз», – делінген хабарламада.