Дариға Бадықова неге өміріне өзгеріс жасағанын айтты

Дариға Бадықова неге өміріне өзгеріс жасағанын айтты
Фото: Нейрожелі арқылы жасалды

Актриса Дариға Бадықова желідегі жазбасында бойындағы өзгерістер туралы ой бөлісті. Өнер иесі өмірде көп нәрсені түсініп, талай жайтты жүрегінен өткізгенін жеткізді, деп хабарлайды ult.kz.

«Дариға неге өзгерді? Өйткені Дариға көп нәрсені түсінді. Көп нәрсені жүрегінен өткізді. Бұрын бәріне алаңдайтын, бәріне түсінікті болуға тырысатын», – деп жазды актриса.

Бадықова алдағы өзгерістерге де дайын екенін айтты. «Барлық өзгеріске дайынмын! Уақыт – даналық!» – деп түйіндеді ол.

Сондай-ақ актриса Айнұр Асанбердіге берген сұхбатына қатысты пікір білдіріп, әңгімелесудің өзіне ұнағанын атап өтті.

Айта кетейік, Олжас Абай анасы мен енесінің суретін жариялады. 

Дариға Бадықова кім? 
 

Дариға Бадықова – қазақстандық театр және кино актрисасы, продюсер. Ол 1985 жылғы 1 желтоқсанда Жамбыл облысының Мойынқұм ауылында дүниеге келген. Көпшілікке «Келінжан» телехикаясындағы Айсара және «Қазақша бизнес» фильмдеріндегі Мақпал рөлдері арқылы танылды.

Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында білім алған. Шығармашылық жолын Болат Атабаевтың «Ақсарай» музыкалық театрында бастаған. Кейін кино саласына бет бұрып, «Ғашық жүрек», «Тракторшының махаббаты» секілді жобаларға түсті. 

Актерлікпен қатар продюсерлікпен де айналысады. «Таптым-ау сені» фильмінде басты рөлді сомдап, туындының продюсері болды.