Әнші Сәкен Майғазиев өмірден өткен анасын сағынышпен еске алып, әлеуметтік желідегі парақшасында жазба жариялады, деп хабарлайды ult.kz.
Өнер иесі анасының көзі тірісінде айтқан, жадында сақталып қалған өсиетін бөлісті.
"Өлді” деп жылама, “өлем-ау” деп жыла дейтін анам. Анашымның қасында отырған Гүлсара апам да бірнеше жыл бұрын бақилық болған еді", — деп жазды әнші.
Жазбаны оқыған желі қолданушылары марқұмдарға дұға бағыштап, әншінің отбасына көңіл айтты. «Апамыздың иманы саламат болсын! Жаны жәннатта болғай», — деген оқырмандар жақындарына сабыр тіледі.
Айта кетейік, Сәкен Майғазиев анасының жағдайын сұраған желі қолдынушылары туралы айтты.
Сәкен Майғазиев кім?
Сәкен Қордабайұлы Майғазиев - қазақстандық эстрада әншісі, «МузАРТ» тобының мүшесі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. Ол 1975 жылғы 1 қаңтарда қазіргі Түркістан облысының Созақ ауданында дүниеге келген. «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегері.
Өнер жолында Жүсіпбек Елебеков атындағы республикалық эстрада-цирк колледжінде, кейін Темірбек Жүргенов атындағы өнер академиясында білім алған. 2001 жылдан бастап «МузАРТ» тобының құрамында ән айтып, көпшілікке танылды. Әншілікпен қатар ұстаздықпен де айналысып, 2012 жылдан Елебеков атындағы колледжде сабақ берген. 2018–2020 жылдары Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының шығармашылық жұмыстар және халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры қызметін атқарған.