Қазақстанның Халық әртісі Роза Рымбаева құдаларымен бірге тағы бір қуанышты тойға қатысты. Әншінің келіні Ақерке Бүркітбайдың сіңлісі ұзатылып, әулет дүбірлі мереке өткізді, деп хабарлайды ult.kz.
Қуанышты жаңалықты Ақерке Бүркітбай әлеуметтік желідегі парақшасында жариялап, тойға арнайы келген туған-туыс пен жақындарына алғысын білдірді.
"Ақиісімізді ұзаттық. Тойымызға арнайы келіп, қуанышымызды бөліскен барша қонақтарымызға шын жүректен үлкен алғысымызды білдіреміз!", – деп жазды ол.
Қыз ұзату тойына Роза Рымбаева да қатысып, құдаларының қуанышына ортақтасқан. Өнер иесі жаңа құдаларымен бірге жас жұбайларға ақ тілегін білдірді.
Айта кетейік, осы жылы Роза Бағланова атындағы "Қазақконцерт" мемлекеттік академиялық концерттік ұйымының сахнасында Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаеваның шығармашылық жолының 50 жылдығына арналған мерейтойлық кеш ұйымдастырылды.
Роза Рымбаева кім?
Роза Рымбаева – қазақ эстрадасының ең танымал өкілдерінің бірі, Қазақстанның халық әртісі, әнші, актриса әрі профессор. Ол 1957 жылы 28 қазанда бұрынғы Семей облысының Жаңғызтөбе станциясында дүниеге келген.

Өнер жолын ерте бастаған Роза Рымбаева 1976–1979 жылдары "Гүлдер" жастар эстрадалық ансамблінің солисі болды. Кейін "Қазақконцерт" жанындағы "Арай" ансамблінде өнер көрсетті. Оның үлкен сахнадағы танымалдығын арттырған шығармалардың бірі – Сейдолла Бәйтерековтің "Әлия" әні.

Өнер иесі 1986 жылы Қазақстанның халық әртісі атанды. Ол – Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, "Парасат", "Құрмет" және II дәрежелі "Достық" ордендерінің иегері.