Танымал әнші Роза Әлқожа жас босанған әйелге көрсетілетін күтім туралы айтып, өзінің бес баласын дүниеге әкелгеннен кейін арнайы күтінбегенін жеткізді, деп хабарлайды ult.kz.
Өнер иесінің сөзінше, кезінде енесі босанғаннан кейінгі күтімді білмейтінін және өзіне де мұндай қамқорлық көрсетілмегенін айтқан. Роза Әлқожа мұны қалыпты қабылдап, бес баласының әрқайсысын дүниеге әкелгеннен кейін көп ұзамай үй шаруасы мен күнделікті тірлігіне қайта кіріскен.
Алайда әнші бұл тәжірибені келініне қайталамауды жөн көрген. Келіні сәби сүйген кезде оның тынығып, күш жинауына жағдай жасап, үй шаруасын өз мойнына алған. Әнші сол уақытта үй жинап, ыдыс жуып, тамақ әзірлеу секілді жұмыстарды өзі атқарғанын айтты.
Роза Әлқожаның пікірінше, жас босанған әйелге қамқорлық көрсету маңызды. Ол келініне тек отбасының бір мүшесі ретінде емес, өз ұрпағының анасы ретінде қарайтынын жеткізді.
Сондай-ақ өнер иесі мұндай күтімді кез келген адам үйрене алатынын айтып, отбасындағы бұрынғы қалыптасқан әдетті жалғастырмай, өзгерісті өзінен бастауды таңдағанын атап өтті.
Айта кетейік, Роза Әлқожа қаржылық жағдайы туралы ашық айтты.
https://ult.kz/kz/post/kop-otirik-aitamyz-roza-alqoza-qarzylyq-zagdaiy-turaly-asyq-aitty
Роза Әлқожа кім?
Роза Әлқожа - қазақ эстрадасының танымал әншісі, ақын әрі композитор. Ол 1981 жылғы 1 қазанда дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдап, еңбек жолын “Ақ жол – Қазақстан” газетінің өнер бөлімінде бастаған. Кейін кәсіби өнерге бет бұрды.

2008 жылы “Мен сыйға тартқан орамал” атты алғашқы альбомын шығарды. Оның “Жылатқаның неткенің”, “Қара күз”, “Жүрек назы”, “Ән салшы, Роза”, “Мына өмір ғажап қандай” секілді әндері көпшілікке кеңінен танылған. Роза Әлқожа орындаушылықпен қатар ән жазумен де айналысып, бірқатар қазақстандық өнерпаздарға шығармалар жазған.
Әнші журналист Айдын Қабамен отбасын құрған, бес баланың анасы. Сондай-ақ танымал әнші Әбдіжаппар Әлқожа — оның туған інісі.