“Көп өтірік айтамыз”: Роза Әлқожа қаржылық жағдайы туралы ашық айтты

“Көп өтірік айтамыз”: Роза Әлқожа қаржылық жағдайы туралы ашық айтты
Фото: Нейрожелі арқылы жасалды

Әнші Роза Әлқожа "Кездесу шоу" YouTube арнасына берген сұхбатында қаржылық жағдайы туралы ашық айтып, кредиті бар екенін жасырмады, деп хабарлайды ult.kz.

Өнер иесінің сөзінше, көпшілік сахнада жүрген адамдардың барлығын ауқатты деп қабылдайды. Алайда әлеуметтік желіде көрінетін сәнді өмір мен шынайы тұрмыстың арасында айырмашылық бар.

Әнші желіде адамдар көбіне өмірінің жақсы сәттерін ғана көрсетіп, отбасындағы қиындықтар мен күнделікті мәселелерді көпшілікке жариялай бермейтінін айтты.

“Біз көбіне өтірік айтамыз. Керемет жанұя болып көрінеміз. Өтірік қой! Біз тек жылтыраған жағын саламыз”, – деді Роза Әлқожа.

Ол өзінің де жұрт ойлағандай уайымсыз әрі мінсіз өмір сүрмейтінін айтып, кредитпен өмір сүретінін жеткізді.

Айта кетейік, Роза Әлқожа туған күнінде көз жасына ерік берді.

Роза Әлқожа кім?
 

Роза Әлқожа – қазақ эстрадасының танымал әншісі, ақын, композитор әрі кәсіби журналист. Ол әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдап, еңбек жолын «Ақ жол – Қазақстан» газетінің өнер бөлімінде бастаған. Кейін шығармашылыққа біржола бет бұрды.

Өнер иесі «Мен сыйға тартқан орамал», «Жылатқаның неткенің», «Қара күз», «Жүрек назы», «Мына өмір ғажап қандай» секілді әндерімен кеңінен танылды. 2008 жылы «Мен сыйға тартқан орамал» атты алғашқы альбомы жарық көрген. Роза Әлқожа өз репертуарымен қатар өзге әншілерге де ән жазған.

Роза Әлқожа 1981 жылғы 1 қазанда дүниеге келген. Танымал әнші Әбдіжаппар Әлқожа – оның туған інісі.