Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл

“3 перзентімізден айырылдық”: Сәкен Бибосынов қуанышты жаңалығын айтты

“3 перзентімізден айырылдық”: Сәкен Бибосынов қуанышты жаңалығын айтты
Фото: Нейрожелі арқылы жасалды

Қазақстандық боксшы Сәкен Бибосынов ұлды болғанын хабарлады. Спортшы әлеуметтік желідегі жазбасында бұған дейін отбасымен үш перзентінен айырылғанын айтып, сәбиінің дүниеге келуі үлкен қуаныш болғанын жеткізді,  деп хабарлайды ult.kz.

Бибосынов жары екеуінің ауыр қайғыны бастан өткергенін жазды. Оның айтуынша, отбасы сол кезеңде үмітін үзбей, сәби сүюді тілеген.

“Үш перзентімізден айырылдық… Үшеуінің де орны жүрегімізде мәңгі сақталады”, – деп жазды боксшы.

Спортшы жаңа туған ұлына ұзақ ғұмыр, зор денсаулық тіледі. Жазбасының соңында сәби күтіп жүрген отбасыларға да ақ тілегін арнады.

“Перзент аңсап жүрген барлық ата-ананың дұғасын қабыл етіп, шаңырақтарына сәби күлкісін нәсіп етсін!” – деді Сәкен Бибосынов.

Айта кетейік, Мақпал Исабекова ажырасқанын айтты. 

Сәкен Бибосынов кім?

Сәкен Бибосынов – қазақстандық боксшы, Токио Олимпиадасының қола жүлдегері және бокстан екі дүркін әлем чемпионы. Ол 1997 жылы 3 шілдеде Өзбекстанның Бостандық ауданында дүниеге келген. 13 жасында Қазақстанға келіп, Қызылордадағы спорт мектеп-интернатында оқыған. Кейін Сайрам ауданында бапкер Қадырбек Қуатбековтің қол астында жаттыққан.

Бибосынов 2019 жылы әлем чемпионатында қола медаль жеңіп алды. 2021 жылы Токио Олимпиадасында қола жүлде иеленіп, сол жылы Сербияның Белград қаласында 51 келіге дейінгі салмақта алғаш рет әлем чемпионы атанды.

2025 жылы Дубайда өткен әлем чемпионатында ол 54 келіге дейінгі салмақта финалға шығып, ресейлік Вячеслав Рогозинді 5:2 есебімен жеңді. Осылайша екінші рет әлем чемпионы атанды.