Роза Әлқожа туған күнінде көз жасына ерік берді

Роза Әлқожа туған күнінде көз жасына ерік берді
Фото: Нейрожелі арқылы жасалды

Роза Әлқожа туған күнін дүркіретіп өткізді, деп хабарлайды ult.kz.

Әбдіжаппар Әлқожа ән арнады. 

“Кеше ішімдегі алғыс,махаббат,көңілімді өзін құшақтап тұрып өзіне айтып алдым.

40-жасқа толған туған күнінде алғаш орындап өзіне арнап шығарған әнім еді.

Сөзін түгел өмір қылып Бауыржан Әлқода  жазып берген.

Сол ыстық өмірлік сезім осы әнді қалай айтамын солай көзден жас келе береді.

Неге екені тылсым күш. 

Жаным әпкем 5-жыл өте шығып сіздің осы мәртебелі келген жаңа күніңізде құшақтап орындағаныма бақыттымын. 

Мен секілді әпкеден пана көріп,мейірімін тәлімін алғандар,шапағатын көргендер біз қаншамыз?”, - деп жазды Әбдіжаппар Әлқожа. 
 

Айта кетейік, Әнші Роза Әлқожа соңғы күндері өзіне қатысты әлеуметтік желіде тараған қауесетке жауап берді.

Роза Әлқожа кім?

Роза Әлқожа – қазақ эстрадасының танымал әншісі, ақын әрі композитор. Ол 1981 жылғы 1 қазанда дүниеге келген. Бала кезінен өнерге жақын болып, домбыра үйірмесіне қатысып, түрлі байқауларда бақ сынаған.

Өнер иесі әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын журналистика саласында бастап, кейін кәсіби түрде әншілікке бет бұрды. Сондай-ақ Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Өнер және мәдениет факультетінде білім алған.

Роза Әлқожа көпшілікке «Мен сыйға тартқан орамал», «Жылатқаның неткенің», «Қара күз», «Мына өмір ғажап қандай» секілді әндерімен кеңінен танылды. 2008 жылы «Мен сыйға тартқан орамал» атты алғашқы альбомы жарық көрді. Ол орындаушы ғана емес, бірқатар туындының сөзін жазып, әнін шығарған автор ретінде де белгілі.

Әншінің туған інісі — эстрада әншісі Әбдіжаппар Әлқожа. Роза Әлқожа журналист Айдын Қабамен отбасын құрған, бес баланың анасы.