Тойдағы уағыз: Роза Әлқожа әлеуметтік желідегі сынға пікір білдірді

Тойдағы уағыз: Роза Әлқожа әлеуметтік желідегі сынға пікір білдірді
Коллаж: ult.kz

Әнші діндар ұстанымдағы азаматтар деп таныстыратын адамдар тарапынан сынға ұшырағанын айтты, деп хабарлайды ult.kz.

Әнші Роза Әлқожа соңғы күндері өзіне қатысты әлеуметтік желіде тараған қауесетке жауап берді.

Өнер иесінің айтуынша, Түркістан облысында өткен тойдағы оқиғадан кейін кейбір әлеуметтік желі қолданушылары оның ішінде өзін діндар ұстанымдағы азаматтар деп таныстыратын адамдар тарапынан сынға ұшырап, түрлі айыптауларға тап болған.

«Кешеден бері осы мәселеге байланысты пікірталас жүріп жатыр. Біз де діннен алыс емеспіз. Алладан қорқатын мұсылманбыз. Бауырларымның барлығы намаз оқиды. Бірақ әсіресе діншілдер бізге қарсы шығып жатыр. Қожалар ғана емес, бәріміз мұсылманбыз. Бұл жолды толық ұстанатындар да, ұстана алмайтындар да бар. Кімнің дұрыс, кімнің бұрыс екенін бір Алла біледі», - деді әнші. 

Ол қарияға арыз жазбағанын, оны қаматпағанын айтты.