Рецидивист көршілес ауылға барғаны үшін ақша төлемеу мақсатында таксисті өлтірген

Рецидивист көршілес ауылға барғаны үшін ақша төлемеу мақсатында таксисті өлтірген
astanatv.kz

Көлік ішінде жолаушы мен әйел жүргізуші жолақысын төлеуге қатысты жанжалдасып, арты адам өліміне әкелген. Ер адам әйелді спорттық сөмкенің белдігімен тұншықтырып өлтіріп, кейін мәйітін өзенге лақтырып жіберген, деп хабарлайды ult.kz.

Оқиға Ставрополь өлкесінде болған. Тергеу мәліметінше, ер адам таныс әйелден оны көршілес ауылға апарып салуды сұраған. Жол аяқталғаннан кейін көлік ақысына қатысты дау туындаған.

Жанжал кезінде ер адам әйелге шабуыл жасап, спорттық сөмкенің белдігімен тұншықтырған. Әйел көз жұмғаннан кейін ол мәйітті өзенге тастап, көлікті айдап кетуге әрекет жасаған.

Алайда күдіктінің әрекеті ұзаққа созылмаған. Оның көлік жүргізу мәнерінен күдіктенген жол-патрульдік полиция инспекторлары ер адамды көп ұзамай тоқтатып, ұстаған.

Құқық қорғау органдары әйелдің мәйітін бірден таба алмаған. Тек алты күннен кейін оның денесі өзен ағысымен 40 шақырым төмен жерден табылды.

Тергеу барысында ер адамның бұған дейін бірнеше рет сотталғаны анықталды. Сот оны кінәлі деп танып, қатаң режимдегі колонияға 13 жылға бас бостандығынан айырды.