Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл

Сабақ үстінде сынып жетекшісін балағаттаған оқушыға айыппұл салынды

Сабақ үстінде сынып жетекшісін балағаттаған оқушыға айыппұл салынды
turaninfo.kz

Шығыс Қазақстан облысында 17 жастағы оқушы сабақ кезінде сынып жетекшісін былапыт сөздермен балағаттағаны үшін 30 275 теңге айыппұл төлеуге міндеттелді, деп хабарлайды ult.kz.

ШҚО соттарының баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 2026 жылғы 19 қазанда Марқакөл ауданында болған.

Сот анықтағандай, жасөспірім сыныптастарының көзінше сынып жетекшісін әдепсіз сөздермен қорлап, қоғамдық тәртіпті бұзған.

Оның әрекеті Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 434-бабының 1-бөлігі (ұсақ бұзақылық) бойынша сараланған.

Сот отырысында оқушы өз кінәсін мойындап, жасаған әрекетіне өкінетінін білдірген әрі мұғалімнен кешірім сұраған.

Жаза тағайындау кезінде сот жасөспірімнің жасын, кінәсін мойындағанын, өкінгенін және кәмелетке толмағандарға әкімшілік жаза қолдану ерекшеліктерін ескерген.

Нәтижесінде оқушыға 30 275 теңге көлемінде айыппұл салынды.