Танымал әнші Төреғали Төреәлінің жұбайы Толқын Тұрарбекқызы үлкен қызы Кәусардың оңалту емін қалай өткеріп жатқанын бөлісті. Ол баласына қолдау көрсетуге тырысқанымен, оның қиналғанын көру өзіне де оңай соқпайтынын жеткізді, деп хабарлайды ult.kz.
Толқынның айтуынша, қазір қызының оңалту жаттығулары бұрынғыдан қарқынды жүріп жатыр. Кәусар кейде шаршағанын айтса да, анасы оны жігерлендіріп, емді жалғастыруға дем береді. Алайда қызына қайратты болуға кеңес бергенімен, өзі іштей алаңдайтынын жасырмады.
“Кәусарым шаршағанын айтады. Бірақ бұл тоқтайтын жер емес деп қамшылаймын. Айтуын айтып алып, іштей қиналатыным бар. Мақсатқа жету жолы оңай болмайды… Бірге күйіп, пісіп өртеніп, жанып кететіндей-ақ жол. Ішіңде жалындап тұрған нық сенім мен үмітің болмаса, шайнап жұтып дымыңды қалдырмайтын жол. Себебі ана балаға келгенде өте әлсіз. Ал оның қиналғанын көру, сезу, бірге өткеру тіптен ауыр”, – деп жазды ол.
Әншінің жұбайы төрт айдан кейін Кәусарға диспорт екпесін салдыру жоспарланғанын да айтты. Бұған дейін бірнеше операцияны өткерген қызына алдағы ем алдында рухани демеу беріп, сенімін нығайтуға тырысатынын жеткізді.
Айта кетейік, Төреғали Төреәлінің жазбасы елді таңырқатты.
Төреғали Төреәлі кім?
Төреғали Төреәлі — қазақстандық эстрада әншісі, ән авторы әрі актер. Ол 1992 жылы 14 қазанда Қызылорда облысы Байқоңыр қаласында дүниеге келген. Жастайынан өнерге жақын болып, домбыра тартып, ән айтқан. Өнер жолын айтыстан бастап, кейін эстрадаға бет бұрған. Ақындық қабілетімен де танылып, әндерінің бірқатарына өзі сөз жазған.

Әнші ел арасында “Ұлы дала баласы” деген атпен танымал. Оның репертуарында махаббат, туған жер, отбасы мен адамдық құндылықтар туралы әндер бар. “Алло”, “Бол жанымда”, “Уәде қайда?” секілді туындылары тыңдарман арасында кең тараған. Ән орындаудағы өзіндік мәнері мен қоңыр дауысы арқылы танылған. Жеке шығармашылығымен қатар, өзге өнерпаздармен дуэт орындап жүр.

Төреғали кино саласында да бағын сынаған. Ол “Ұлы дала комедиясы” фильмінде басты рөлді сомдады. Шығармашылық жаңалықтары мен отбасылық сәттерін әлеуметтік желіде бөлісіп тұрады. Жұбайы — Толқын Тұрарбекқызы. Ерлі-зайыпты бала тәрбиелеп отыр.