Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл

Мақпал Жүнісова мен Қарақат Әбілдинаның амандасу мәнері талқыға түсті

Мақпал Жүнісова мен Қарақат Әбілдинаның амандасу мәнері талқыға түсті
Фото: Нейрожелі арқылы жасалды

Төреғали Төреәлі мен жұбайының дастархан басындағы қонақтарға сәлем беріп келген сәті желіде талқыға түсті. Қолданушылар төрде отырған Қарақат Әбілдина мен Мақпал Жүнісованың амандасу мәнерін салыстырып, түрлі пікір білдіріп жатыр, деп хабарлайды ult.kz.

Жұрттың назарын Қарақаттың орнынан тұрмай амандасқаны, ал Мақпалдың бірден орнынан көтеріліп, ерлі-зайыптыны қарсы алғаны аударған. Кей қолданушылар Қарақаттың әрекетін сынға алса, енді бірі Мақпалдың кішіпейілдігіне сүйсінген.

Пікір жазғандар “Алыстан алты жасар бала келсе, алпыстағы қария орнынан тұрып сәлем береді” деген сөзді алға тартып, Мақпал Жүнісованың ізетін тәрбиемен байланыстырған.

Айта кетейік, Атхамбек Юлдашев Мақпал Жүнісованың өнеріне бас иді.

Мақпал Жүнісова кім? 
 

Мақпал Мұхамедиярқызы Жүнісова — қазақ эстрадасының танымал әншісі, Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты.
 

Ол 1964 жылы 11 қаңтарда Қарағанды облысының Теректі ауылында дүниеге келген. Шығармашылық жолын “Гүлдер” ансамблінде бастап, кейін “Қазақконцерт” бірлестігі жанынан “Назерке” ансамблін ұйымдастырған. Оның орындауындағы “Ғашық жүрек”, “Қыз ғұмыр”, “Фариза қыз”, “Қоштасу” әндері тыңдарманға кеңінен танылған. 

Әнші 1994 жылы “Қазақстанның халық әртісі” атағын алып, 1999 жылы Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты атанған.