Павлодар облысындағы №46 түзеу мекемесіне сотталғандардың біріне есірткі жеткізу әрекетінің жолы кесілді, деп хабарлайды ult.kz.
Polisia.kz мәліметінше, сәлемдемені тексеру кезінде қызметкерлер тіс пастасының ішінен полиэтилен пакетке салынған ұнтақ тәрізді зат тапқан.
Сараптама оның 0,7 грамм альфа-PVP синтетикалық есірткісі екенін растады.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.