Солтүстік Қазақстан облысында жол жөндеуге бөлінген 87 миллион теңгені заңсыз иемдену дерегі анықталды. Қаражат Тимирязево – Докучаево бағытындағы автожолды орташа жөндеуге қарастырылған. Қаржы жымқыруға мердігер ұйымның бұрынғы басшысы күдікті ретінде танылды, деп хабарлайды ult.kz.
Прокуратура мәліметінше, аталған дерек бойынша материалдар биыл 12 қазанда тіркеліп, облыстық Экономикалық тергеп-тексеру департаментіне жолданған. Сол күні Қылмыстық кодекстің 190-бабы 4-бөлігі, яғни аса ірі мөлшердегі алаяқтық дерегі бойынша соталды тергеу басталған.
Қазіргі уақытта күдікті сот шешімімен қамауға алынды. Қылмыстық істің тергелу барысын облыстық прокуратура бақылауына алған.