Жұмыс істемегендерге жалақы төлеп, 5,8 млн теңгені жымқырған

Жұмыс істемегендерге жалақы төлеп, 5,8 млн теңгені жымқырған
Ұсталғандарды азаптаған полицейлердің үстінен 170 қылмыстық іс қозғалған

Алматы облысында арнайы мектеп-интернаттың басшылығы жалған жұмысқа орналастыру схемасы арқылы мемлекет қазынасынан 5,8 млн теңге жымқырған, деп хабарлайды ult.kz.

Алматы облыстық прокуратурасының мәліметінше, заңбұзушылықты Қарасай ауданының прокуратурасы анықтаған. Тексеру барысында «Облыстық №3 арнайы мектеп-интернаты» КММ директоры, оның орынбасары және бас бухгалтері іс жүзінде жұмыс істемеген адамдарды мекемеге қызметкер ретінде тіркегені белгілі болған. Осылайша, олар бюджет қаражатын заңсыз иемденген.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 189-бабы (Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденіп алу немесе талан-таражға салу) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілді.

Сот үкімімен үш лауазымды тұлға да кінәлі деп танылып, әртүрлі жазаға тартылды.