Аязда ғимаратқа кіргені үшін жұмыстан шығарылған күзетші сот арқылы жеңді

Аязда ғимаратқа кіргені үшін жұмыстан шығарылған күзетші сот арқылы жеңді
ашық дереккөзден

Ақтау қаласында 10 жыл күзетші болып жұмыс істеген азаматты қызметтік орнында болмағаны және телефон пайдаланғаны үшін жұмыстан шығарған серіктестік сотта жеңіліп қалды, деп хабарлайды ult.kz.

Ақтау қаласының №2 соты жұмыс берушінің жұмыстан босату туралы бұйрығын заңсыз деп таныды. Сот күзетшінің нысанды қараусыз қалдырғанын дәлелдейтін айғақтар жоқ екенін анықтады. Сонымен қатар қысқы аязда жылыну үшін ғимарат ішінде болуын негізді деп таныды. Жұмыс беруші далада жұмыс істейтін қызметкерге қажетті жағдай жасамаған.

Сот шешімімен күзетші қызметіне қайта орналастырылып, оған жұмыссыз жүрген кезеңі үшін 2 052 997 теңге жалақы, 50 мың теңге моральдық өтемақы және сот шығындары өндірілді.