“Қырғызстан биік пе?”: Қырғыз елі қазақстандық блогерге байкот жариялады

“Қырғызстан биік пе?”: Қырғыз елі қазақстандық блогерге байкот жариялады
Фото: Видеодан кадр

Қырғызстандағы сән апталығына қонақ ретінде барған қазақстандық блогер Бота Миа (Ақбота Нұрақын) әлеуметтік желіде сынның астында қалды. Бұған оның қысқа сұхбаттағы жауабы себеп болды, деп хабарлайды ult.kz.

Жүргізуші блогерден: «Әлемдік деңгейге шығып, үлкен биіктерді бағындырып жүрсіз бе?»деп сұрағанда, Бота Миа: «Қырғызстан деген биік пе?» деп жауап берген. Бұл сөз әлеуметтік желіде кең тарап, көптеген қырғызстандық қолданушы оны көрші елді менсінбеу әрі құрметсіздік ретінде қабылдады. 

Даудың өршуінен кейін блогер Instagram Stories арқылы түсініктеме беріп, өз сөзінің қате түсінілгенін айтты. Оның сөзінше, ол жүргізушінің сұрағын бұрын болған басқа даулы оқиғамен байланыстырып, ойын дұрыс жеткізе алмаған. Сондай-ақ Бота Миа Қырғызстан халқын құрметтейтінін айтып, егер сөзі біреудің көңіліне тиген болса, кешірім сұрады. 

Айта кетейік, Бота Миа Қырғызстанға қырғыз дизайнері Арзубек Аманов ұйымдастырған Vonama Cult Show сән көрсетіліміне арнайы шақырылған қонақ ретінде барған. Шарада ол дизайнер Амира Таштанбекованың көйлегін киіп, подиумға шыққан.