Құрылтай сайлауы күні Қазақстанда жалпыұлттық online-марафон өтіп жатыр

Құрылтай сайлауы күні Қазақстанда жалпыұлттық online-марафон өтіп жатыр
онлайн марафон-2026

Бүгін, 23 тамызда, Қазақстанда Құрылтай депутаттарының сайлауы өтіп жатыр. Осыған орай «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясының ұйымдастыруымен жалпыұлттық 16 сағаттық online-марафон өтуде. Тікелей эфир сағат 09:00-де басталып, 00:30-ға дейін жалғасады.

Марафон барысында сайлау процесі үздіксіз көрсетіліп, елдегі өзекті қоғамдық мәселелер талқылануда. Эфирге қоғам қайраткерлері, сарапшылар, белсенділер, блогерлер, спортшылар мен өнер өкілдері қатысады.

Сондай-ақ Астана, Алматы және Шымкент қалаларынан тікелей қосылымдар ұйымдастырылған. Үш мегаполистегі сайлау барысы, тұрғындардың пікірі мен күннің маңызды оқиғалары көрермен назарына ұсынылады.

Марафон аясында сараптамалық пікірлер, сұхбаттар, мотивациялық дәрістер мен интерактивті жобалар да көрсетіледі. Сайлауға қатысты ресми ақпараттар мен статистика да тікелей эфирде жарияланып отырады.

Жалпыұлттық online-марафон республикалық және өңірлік телеарналардың эфирінде, сондай-ақ отандық БАҚ-тың әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларында көрсетіліп жатыр.