Қолтырауын 12 жастағы баланы туыстарының көз алдында жеп қойды (ВИДЕО)

Қолтырауын 12 жастағы баланы туыстарының көз алдында жеп қойды (ВИДЕО)
Коллаж: Видеодан кадр

Үндістанның Уттар-Прадеш штатында 12 жастағы бала қолтырауынның шабуылынан қаза тапты. Қайғылы оқиға Бахрайч ауданындағы Гхагхара өзенінің жағасында болған, деп хабарлайды ult.kz.

Алдын ала мәлімет бойынша, бала ағасымен бірге егістік алқабында жұмыс істеп, кейін өзенге қолы мен аяғын жуу үшін барған. Сол сәтте судан шыққан қолтырауын оны аяқ астынан ұстап алып, өзеннің ішіне сүйреп әкеткен. Баланы құтқаруға туыстары мен ауыл тұрғындары барынша әрекеттенгенімен, жыртқыштың күші басым болған. 

Куәгерлердің айтуынша, баланың ағасы қолтырауынмен бірнеше минут бойы арпалысып, оны босатып алуға тырысқан. Алайда әрекет нәтиже бермеген. Кейін тұрғындар мен құтқарушылар бірнеше сағат бойы іздеу жұмыстарын жүргізіп, баланың мәйітін өзеннен тапқан. 

Оқиғадан кейін жергілікті полиция мен орман шаруашылығы қызметі тергеу жұмыстарын бастап, тұрғындарға қолтырауындар жиі кездесетін өзен маңында ерекше сақ болуды ескертті. Билік марқұмның отбасына өтемақы төленетінін мәлімдеді.