Қазіргі заман әйелі мен ері: Кім, қалай өзгерді?

Қазіргі заман әйелі мен ері: Кім, қалай өзгерді?
ЖИ

Әйелдер соңғы жылдары айтарлықтай өзгерді. Көп жағдайда бұл өзгеріс өз қалауынан гөрі, жаңа заман талаптарына бейімделу қажеттілігінен туындады. Себебі әйел өзгермесе, ерлер басым жерде олармен бірдей қызметте, қоғамда мойындалу әлдеқайда қиын  еді.

Бүгінде сауатты, білімді, өзін-өзі асырап жүрген әйелдер көп. Өз кәсібі, мансабы бар. Ата-анасына, балаларына, тіпті туған-туыстарына көмектеседі. Дене бітіміне, денсаулығына, сыртқы келбетіне көңіл бөледі. Саяхаттайды, тіл үйренеді, өз психологиясымен жұмыс істейді. Ана болуды да, кәсіби дамуды да қатар алып жүруге тырысады.Ал ер адамдарда осы қарқын байқала ма?


Әрине, білімді, жауапкершілігі жоғары, өзін дамытатын ер адамдар бар. Бірақ кейбір әлеуметтік тенденцияларға қарасақ, олардың өзгеру қарқыны әйелдердегі өзгеріс жылдамдығымен салыстырғанда баяуырақ көрінеді. Соның ішінде ер адамдардың әлеуметтік, эмоционалдық дамуына қатысты мәселелер де жиі айтылады. Мұның себебі неде?

Жаратылыстың әсері бар. Иә, ер мен әйелдің биологиялық ерекшеліктері, репродуктивтік рөлі, тәуекелге бару деңгейі әртүрлі. Бірақ адамның бүкіл мінез-құлқын тек биологиямен түсіндіру де дұрыс болмас. Себебі тәнге ақыл, мәдениет, тәрбие, қоғамның әсері қосылады.

Ұзақ уақыт бойы көптеген қоғамда ер адамнан негізінен ақша табу, отбасын асырау, сыртқы әлеммен күресу талап етілді. Ал әйел бұрыннан отбасыны ұстау, бала тәрбиелеу, эмоциялық жылулықпен бөлісу сияқты міндеттерді атқарып келді. Бүгінде осы функцияларына қоса ол әрі ана, әрі маман, әрі кәсіпкер, әрі қоғамның белсенді мүшесі болуға тырысады.

Міне, осы жерде белгілі бір алшақтық пайда болғандай. Өйткені кейбір жағдайларда ер адамдар бұрынғы міндеттерімен шектеліп, қазіргі қоғам талап етіп отырған жаңа әлеуметтік және эмоциялық рөлдерді мойындап, қабылдауға әлі де бейімделіп жатыр.

Абзалында 

Өсіп келе жатқан ұлдарға жаңа заман талаптарына бейімделу жолдарын көрсетуіміз керек. Себебі әйелде бұрынғыдай «маған қамқор болатын ер керек» деген қажеттілік азайды. Енді тек табыс тауып, түздегі әке болу жеткіліксіз. 
 

Қазіргі таңда ерлерден эмоционалдық интеллект, жауапкершілік қасиеттерінің  болуы аса талап етіледі. Әйелін тыңдай алатын, қажет кезінде қолдайтын, баламен эмоционалдық берік қатынас орната алуы өте маңызды. Өз өмірлерін ерлерден кем емес жасап жүрген қыз-келіншекке қазір жай асыраушы аздық ететіндей. Әйелдерге қазір өзімен деңгейлес мықты серіктес керек. Ұлдарымызды осыған дайындауымыз керек.