Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл

“Ісім сенімен болсын”: Дариға Бадықова ашуына мінді

“Ісім сенімен болсын”: Дариға Бадықова ашуына мінді
Фото: Нейрожелі арқылы жасалды

Актриса Дариға Бадықова әлеуметтік желіде өзіне қатысты айтылған сынға жауап берді. Ол сөздің жеке басына тигенін айтып, кімге қарата жазғанын ашып айтпады, деп хабарлайды ult.kz.

Әлеуметтік желі қолданушысы оларды  тиек етіп видео түсірген. "Ошоу мен Дариға боқ сасиды" деп айтады. 

Бадықова қазір киносына байланысты қалаларды аралап жүргенін айтты. Актрисаның сөзінше, ол бұған дейін мұндай пікірлерді көңіліне алмайтын, алайда бұл жолғы сөзге үнсіз қала алмаған.

“Қазір қалаларды аралап, қолым тимей жатыр. Сен сияқтылардың талайын көріп, көңілге алмаушы едім, ал мынауың шамыма тиді. Бізді төмендетіп, өзіңе хайп жасағың келді ме?” – деп жазды актриса.

Бадықова бұл мәселеге киноға қатысты жұмысы аяқталған соң қайта оралатынын аңғартты. Сондай-ақ ол оқырмандарынан пікір сұрап, бағаны көрермен берсін деді.

“Кино бітсін, ісім сенімен болсын. Оған дейін сіздер не дейсіздер? Біздің не істеп жатқанымызды, сенің не істеп жүргеніңді көрермен айтсын!” – деді Дариға Бадықова.

Айта кетейік, Тұрсынбек Қабатовтың қызы қуанышты хабарын жеткізді.

Дариға Бадықова кім?

Дариға Бадықова — қазақстандық театр және кино актрисасы, кинопродюсер. Ол көрерменге “Келінжан” телехикаясындағы Айсара рөлі арқылы танылды. Кейін осы телехикаяның негізінде түсірілген толықметражды фильмдерге де түсті.

Актриса 1985 жылғы 1 желтоқсанда Жамбыл облысының Мойынқұм ауылында дүниеге келген.

Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында білім алған. 2023 жылы “Таптым-ау сені” комедиясының продюсері болып, фильмде басты рөлдердің бірін сомдады. Бұл туындыда онымен бірге актер Олжас Абай ойнады.