Ресейлік Jah Division тобының негізін қалаушылардың бірі Герберт Моралес 64 жасында қайтыс болды. Қаралы хабарды музыканттың қызы Мила Моралес жеткізді, деп хабарлайды ult.kz.
Өнер иесі 20 қарашада, 65 жасқа толуына екі күн қалғанда дүниеден өткен. Қызының айтуынша, алдын ала мәлімет бойынша, музыкант ауруханада жүрек талмасынан көз жұмған.
Герберт Моралес 1961 жылғы 22 қарашада туған. Ол Ресейде регги жанрын дамытқан алғашқы ұжымдардың бірі — Jah Division тобының негізін қалаушылардың бірі болған.
Музыкантты өзінің қалауына сәйкес Израильде жерлеу жоспарланған. Қызы бұған дейін жерлеу рәсімі 22 қарашада, әкесінің туған күнінде өтетінін хабарлаған.