Freedom Inside '26

Қазақ футболы тағы бір жас футболшысынан айырылды

Қазақ футболы тағы бір жас футболшысынан айырылды

Қарағанды облысында  жол апаты болып, салдарынан көкшетаулық «Елім-Ай» клубының ойыншысы Илья Буртовой қайтыс болды, деп хабарлайды ult.kz.

Қайғылы оқиға Абай-Қарағанды автожолында болған. Апаттан кейін 29 жастағы футболшы ауыр жағдайда профессор Х.Ж. Мақажанов атындағы көпсалалы ауруханаға жеткізілген. Алайда дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады.

Илья Буртовой футболдағы мансабын 2015 жылы «Шахтер-Булат» командасында бастаған. Кейін футзалға ауысып, Қарағандының «Прогресс» клубы сапында Қазақстан кубогында өнер көрсеткен. Сонымен қатар ол «Скаут» балалар футбол клубында жаттықтырушы болып жұмыс істеген.

Буртовой елдегі үздік әуесқой командалардың бірі саналатын FC BIRLIK құрамында да ойнаған. Өткен жылы аталған командамен бірге шағын футболдан әлем чемпионатына қатысқан.

2025 жылы ол Көкшетаудың «Елім-Ай» клубы сапында Қазақстан кубогы мен Бірінші лига ойындарында алаңға шыққан. 

Илья Буртовой 1996 жылы дүниеге келген. 

Еске салайық, былтыр қазан айында «Хан Тәңірі» футбол клубының 19 жастағы шабуылшысы Диас Төлеу матч кезінде көз жұмған еді.