Шымкентте 10 қазанда өткен Қайрат Нұртастың концертіне сатылған билеттер саны концерт алаңының рұқсат етілген сыйымдылығынан едәуір асып кеткен, деп хабарлайды ult.kz.
Полицияның алдын ала мәліметінше, билеттердің шамадан тыс көп сатылуы салдарынан адамдар көп жиналып, көрермендердің қауіпсіздігіне қатер төнген.
“Адамдардың қысылып қалуы салдарынан 18 жастағы қыз зардап шегіп, ауруханаға жеткізілді. Концерт ұйымдастырушысы, 1984 жылы туған Л. есімді азамат ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды”, – делінген полиция хабарламасында.
Сонымен қатар тәртіп сақшылары әлеуметтік желілерде тараған адамдардың қаза тапқаны туралы ақпаратты жоққа шығарды. Ресми мәліметке сәйкес, оқиға салдарынан көз жұмғандар жоқ.
Қазіргі уақытта аталған жағдайға байланысты тергеу жүргізіліп жатыр. Іс Шымкент қалалық Полиция департаменті басшылығының бақылауында.
Концертте не болды?
Қайрат Нұртастың концерті Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы стадионда өткен. Концертке кіреберісте адамдар шамадан тыс жиналып, көрермендер бір-бірін қысып қалған. Оқиға орнынан түсірілген видеолар әлеуметтік желілерде тарады.
Шымкент қаласының Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, концерт кезінде сегіз адам медициналық көмекке жүгінген. Олардың жетеуі тексеруден кейін үйлеріне жіберілген. Ал 18 жастағы қыз ауруханаға жатқызылып, оған қажетті медициналық көмек көрсетілген.
Оқиғаға байланысты қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін қызмет көрсету дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Концертті ұйымдастырушы, 1984 жылы туған Л. есімді азамат ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Сонымен қатар полиция әлеуметтік желілерде тараған адамдардың қаза тапқаны туралы ақпаратты жоққа шығарды. Ресми мәліметке сәйкес, оқиға салдарынан көз жұмғандар жоқ.
Қазір тергеу жүргізіліп жатыр.
Қайрат Нұртас кім?
Қайрат Нұртас – қазақстандық эстрада әншісі әрі актер. Толық аты-жөні – Қайрат Нұртасұлы Айдарбеков. Ол 1989 жылы 25 ақпанда Түркістан қаласында дүниеге келген. Сахнаға бала кезінен шығып, кейін қазақ тіліндегі әндерімен кеңінен танылды.
Әншінің репертуарында махаббат, отбасы және туған жер тақырыбындағы туындылар бар. Музыкалық шығармашылығымен қатар киноға да түскен. 2013 жылы “Өкініш” фильмі арқылы өзінің өмірі мен өнер жолын көрерменге таныстырды.