Президент бірқатар кадрлық тағайындау жасады

Президент бірқатар кадрлық тағайындау жасады
Ақорда

Мемлекет басшысы бірқатар кадрлық тағайындаулар туралы Жарлықтарға қол қойды, деп хабарлайды ult.kz.

Президент Жарлығымен Асламбек Амангелдіұлы Мерғалиев Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы лауазымына тағайындалды.

Сонымен қатар, Қанатбек Бақытұлы Жайсанбаев Қазақстан Халық Кеңесі, Төрағасының орынбасары – Қазақстан Халық Кеңесі Хатшылығының басшысы болып тағайындалды. Осыған байланысты ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды.