«Өзім үшін алдым»: СҚО тұрғыны есірткі үшін түрмеге түсті

«Өзім үшін алдым»: СҚО тұрғыны есірткі үшін түрмеге түсті
24.kz

Солтүстік Қазақстан облысының Аққайың ауданында синтетикалық есірткі сақтаған 52 жастағы ер адам үш жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды ult.kz.

Полиция Григорьевка мен Камышлово ауылдарының арасындағы жолда көлікті тоқтатып, аудан тұрғынын ұстаған. Тексеру кезінде одан салмағы 1,06 грамм α-PVP салынған пакет тәркіленді. Сонымен бірге екі медициналық тамызғыш табылған.

Күдікті есірткіні Петропавл қаласындағы жасырын орыннан алғанын мойындаған. Сот оны есірткі заттарын өткізу мақсатынсыз заңсыз айналымға жібергені үшін кінәлі деп танып, үш жылға бас бостандығынан айырды. Қазір ол жазасын Петропавлдағы колонияда өтеп жатыр.

Полиция есірткіні «өзім үшін» сатып алу немесе сақтау жауапкершіліктен босатпайтынын ескертеді.

Жыл басынан бері СҚО-да психотроптық заттарды медициналық емес мақсатта тұтыну және сақтау фактілері бойынша 78 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Бұдан бөлек, есірткіні аса ірі мөлшерде заңсыз айналымға енгізуге қатысты 7 адам ұсталған.

Заң бойынша мұндай қылмыс үшін үш жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.