Отшашумен құттықтамақ болған: Астанада жас жігіт әкімшілік қамауға алынды

Отшашумен құттықтамақ болған: Астанада жас жігіт әкімшілік қамауға алынды
Ашық дереккөзден

Астанада қоғамдық орында пиротехникалық бұйымдарды заңсыз пайдаланған 19 жастағы жігіт әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды ult.kz.

Polisia.kz мәліметінше, оқиға елордадағы "Триатлон" саябағында болған. Полицияның мәліметінше, жас жігіт досының туған күнін ерекше атап өтуді көздеп, саябақ аумағында отшашу атқан.

Алайда оның бұл әрекеті қоғамдық тәртіпті бұзу ретінде бағаланып, сот шешімімен құқық бұзушы 5 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

Полиция қоғамдық орындарда пиротехникалық бұйымдарды белгіленген талаптарды сақтамай қолдану азаматтардың қауіпсіздігіне қауіп төндіріп, тұрғындардың тыныштығын бұзуы мүмкін екенін еске салды.

Тәртіп сақшылары мерекелік іс-шараларды өткізу кезінде заң талаптарын сақтауға және қоғамдық тәртіпті бұзбауға шақырды.