Өртенген полицейдің отбасылық құпиясы белгілі болды (ВИДЕО)

Өртенген полицейдің отбасылық құпиясы белгілі болды (ВИДЕО)
Фото: видеодан кадр

Алматыда бұрын полиция қызметкері болған ер адамның қазасына қатысты іс қоғамда қызу талқыланып жатыр. Алдын ала тергеу нұсқаларының бірінде марқұмды жұбайы өртеп жіберуі мүмкін деген күдік қарастырылуда, деп хабарлайды ult.kz.

Осыған дейін оқиғаға байланысты марқұмның туыстарының пікірі көпшілікке тараған еді. Енді күдікке ілінген әйелдің жақындары да алғаш рет үн қатып, болған жағдайға қатысты өздеріне белгілі жайттарды айтып берді.

Әйелдің сіңлісі Руслан Өтепбайға берген сұхбатында әпкесі мен марқұмның отбасындағы қарым-қатынасына қатысты бірқатар мәліметті жариялады.

«Ұлдарын таңға дейін ұрған. Әйелін де ұратын. Оны өзі видеоға түсіріп алатын болған. Оны әпкем айтты. Әпкем қанша кетіп қалса да, күйеуі келіп алып кететін. Білмеймін, қорқытады ма, не үшін кететінін түсінбейтінбіз», – деді ол.

Күдіктінің туыстары істің барлық мән-жайы жан-жақты зерттелуі керек деп есептейді. Олар тергеу аяқталмай тұрып, оқиғаға қатысты біржақты пікір қалыптастырып, асығыс қорытынды жасамауға шақырды.