Freedom Inside '26

Өртенген полицей: Ұлдары мен досына қатысты соңғы дерек шықты

Өртенген полицей: Ұлдары мен досына қатысты соңғы дерек шықты
Фото: әлеуметтік желі

Алматы облысы Кеген ауданында өртенген күйі табылған полиция қызметкерінің өліміне қатысы бар деген күдікке ілінген кәмелетке толмағандарға қатысты үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды, деп хабарлайды ult.kz.

Бұл туралы адвокаттар Гаухар Сарыева мен Динара Шәмшекова мәлімдеді. 

Құқық қорғаушылардың айтуынша, Кеген аудандық соты тергеу органдарының кәмелетке толмағандарға қатысты бұлтартпау шарасын таңдау жөніндегі өтінішін қараған. Адвокаттардың сөзінше, судья тараптардың уәждерін жан-жақты тыңдап, істің барлық мән-жайын мұқият зерделеген.

Сот шешімімен күдіктілер үйқамаққа алынып, олардың үйлеріне бейнебақылау камералары орнатылады. Сондай-ақ оларға қозғалысын бақылауға арналған электронды білезіктер тағылатын болды.

Қорғаушылар сот барысында тергеу барысында ескерусіз қалмауы тиіс маңызды жайттарға назар аударғанын айтты. Олардың пікірінше, кәмелетке толмағандар ұзақ уақыт бойы тұрмыстық зорлық-зомбылық пен қатыгез қарым-қатынастың ортасында өмір сүрген болуы мүмкін. Бұған қоса, олар тек оқиғаның куәгерлері ғана емес, өздері де зорлық-зомбылықтың құрбаны болған деген болжам бар.