Белгілі әнші Мейрамбек Бесбаевтың жары Мархабат Бесбаева танымал өнер адамының жұбайы болудың қиындығы туралы айтты, деп хабарлайды ult.kz.
Мархабат Бесбаева Instagram желісіндегі парақшасында оқырмандарының сұрақтарына жауап берген. Желі қолданушыларының бірі одан “Танымал адамның жары болу қиын ба?” деп сұраған.
Әншінің жары көпшілікке белгілі адамның жанында жүрудің өзіндік жауапкершілігі бар екенін жасырмаған.
“Танымал адамның жары болу оңай емес. Оның өз жауапкершілігі, сағынышы мен сабыры бар. Бірақ мен үшін ең бастысы оның танымалдығы емес, жүрегіме жақын адам болғаны”, – деп жазды Мархабат Бесбаева.
Ол күйеуін елге танымал әнші ретінде ғана емес, ең алдымен өмірлік серігі ретінде бағалайтынын жеткізді.
“Сахнада ол халықтың сүйіктісі, ал мен үшін өмірлік серігім, сүйікті жарым. Оның жетістігі менің мақтанышым”, – деді ол.
Айта кетейік, Мейрамбек Бесбаев аукционға қойылған домбырасына қатысты пікір білдірді.
Мейрамбек Беспаев кім?
Мейрамбек Бесбаев – қазақстандық танымал әнші, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, “МузАРТ” тобының мүшесі. Ол 1976 жылы 8 қарашада Жамбыл облысы Талас ауданында дүниеге келген.

Өнер иесі “Бозторғай”, “Сенің көзің”, “Асыл ана” сынды әндері арқылы көпшілікке кеңінен танылды.

Қазақ эстрадасында өзіндік орны бар әнші ұзақ жылдар бойы жеке шығармашылығымен де, “МузАРТ” тобымен де тыңдарман ықыласына бөленіп келеді. Жұбайы Мархабат Бесбаевамен бірге үш бала тәрбиелеп отыр.