«Нұрайға 72 рет пышақ тығар едім» деп жазған желі қолданушысы ұсталды

«Нұрайға 72 рет пышақ тығар едім» деп жазған желі қолданушысы ұсталды
Фото: әлеуметтік желі

Марқұм Нұрай Серікбайға қатысты әлеуметтік желіде ауыр әрі қорлайтын пікір қалдырған адамның ұсталғаны белгілі болды. Бұл туралы Нұрайдың туған-туыстарының құқығын қорғап жүрген адвокат Аянхан Омаров мәлімдеді, деп хабарлайды ult.kz.

Адвокаттың айтуынша, бұған дейін әлеуметтік желіде «Нұрайға 72 рет пышақ тығар едім» деген мазмұнда жария түрде пікір қалдырған @dkraken9 аккаунтының иесі полиция қызметкерлерімен анықталып, ұсталған.

«Нұрайға қатысты: “72 рет пышақ тығар едім” деп жария түрде пікір қалдырған @dkraken9 аккаунтының иесі полиция қызметкерлерімен анықталып, ұсталды. Қазіргі уақытта мен жәбірленуші тараптың өкілі ретінде Нұрайдың ағасы Сұлтан Серікбаймен бірге полицияға бара жатырмын. Істің әрі қарайғы барысы туралы қосымша ақпарат беремін», – деп жазды адвокат.

Қазіргі таңда аталған дерек бойынша құқық қорғау органдары тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Күдіктінің әрекетіне құқықтық баға беріліп, істің мән-жайы анықталуда. Адвокат істің барысы туралы алдағы уақытта қосымша ақпарат беретінін жеткізді.