Шымкент қалалық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты кісі қолынан қаза тапқан Нұрай Серікбайдың ісі бойынша басты сот талқылауын бастады, деп хабарлайды ult.kz.
Сот талқылауы айыпталушы Шерхан Аймаханнан жауап алудан басталды.
Айыпталушы айыппен мүлде келіспейтінін, Нұрайды аффект жағдайда өлтіріп алғанын жеткізді.
23 шілде күні Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты іс бойынша соттың алдын ала тыңдауы өткен. Прокурор айыптау актісін жариялап, айыпталушыға тағылған айыптарды баяндаған. Тергеу мәліметінше, күдікті қызды еркінен тыс алып қашқан, ұзақ уақыт аңдып, кейде екі сағаттың ішінде 76 рет қоңырау шалған. Саябаққа баруға келіспегені үшін 35 жерінен пышақтап тастаған.
Айта кетейік, қанды оқиға 11 қаңтар күні кешке болған. Үйінен дүкенге шыққан 21 жастағы Нұрай Серікбайды танысы ұстап алып, пышақтап, оқиға орнынан қашып кеткен.