Шымкентте 21 жастағы Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты қылмыстық іс бойынша тергеу аяқталды. Бұл туралы марқұмның отбасының адвокаты Аянхан Омаров мәлімдеді, деп хабарлайды ult.kz.
Адвокаттың айтуынша, жәбірленуші тарап пен олардың қорғаушылары қылмыстық істің алғашқы жеті томымен танысып, қажетті көшірмелерін алған.
«Нұрайдың ісі бойынша тергеу әрекеттері аяқталды. Бүгінгі күнге дейін жәбірленуші тарап пен олардың адвокаты қылмыстық істің 1-7 томдарымен танысып, көшірмелерін алдық. Қазіргі уақытта қылмыстық іс материалдарымен танысу жалғасып жатыр», – деп жазды ол әлеуметтік желідегі парақшасында.
Оның сөзінше, қылмыстық процесс қатысушылары заңда көзделген құқықтарын толық пайдаланғаннан кейін іс сотқа жолданады.
Қазіргі таңда тараптар іс материалдарын зерделеуді жалғастырып жатыр.