Өзбекстанда мұғалімнің бірінші сынып оқушысын ұрып жатқан видеосы әлеуметтік желіде тарады. Оқиға Наманган облысының Қасансай ауданындағы №39 мектепте болған, деп хабарлайды ult.kz.
Наманган облысының Мектепке дейінгі және мектеп білім басқармасының мәліметінше, жағдай 16 қыркүйек күні сағат 10:30 шамасында, үшінші сабақ кезінде болған. Бастауыш сынып мұғалімі 1 «Б» сыныбында оқитын балаға күш қолданған.
Алдын ала мәлімет бойынша, бұған оқушының кітаптағы мәтінді оқи алмағаны себеп болған.
Қазір оқиғаға қатысты тиісті қызметтер тексеру жүргізіп жатыр.