Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл

Танымал футболшы Роналдиньо Қазақстаннан барған бүлдіршіннің тұсауын кесті

Танымал футболшы Роналдиньо Қазақстаннан барған бүлдіршіннің тұсауын кесті
видеодан скриншот

Бразилия футболының әйгілі өкілі Роналдиньо Қазақстаннан барған бүлдіршіннің тұсауын кесіп, қазақтың салт-дәстүріне құрмет көрсетті. Бір қызығы, танымал футболшыны баланың өзі таңдаған, деп хабарлайды ult.kz.

Баланың әкесі ұлына саясаткерлердің, миллиардерлер мен әлемге танымал спортшылардың суреттерін көрсеткен. Олардың арасында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, АҚШ президенті Дональд Трамп, кәсіпкер Илон Маск, боксшы Майк Тайсон, Геннадий Головкин, футболшылар Лионель Месси және басқа да танымал тұлғалар болған.

Алайда бүлдіршін көпшіліктің ішінен бразилиялық футболшы Роналдиньоның суретін таңдаған. Осыдан кейін баланың отбасы Біріккен Араб Әмірліктеріне сапарлап барып, футбол аңызымен жүздескен. Кездесу барысында Роналдиньо қазақтың дәстүріне сай бүлдіршіннің тұсауын кескен.

Айта кетейік, бұған дейін Роналдиньоның кәсіби футболға қайта оралуды жоспарлап отырғаны туралы ақпарат тараған еді. Бразилия құрамасының бұрынғы шабуылшысы Италияның «Равенна» клубында ойнауы мүмкін екені хабарланған.