Михаил Шайдоров әлемдік рейтингте екінші орынға көтерілді

Михаил Шайдоров әлемдік рейтингте екінші орынға көтерілді

Қазақстандық спортшы әлемдік рейтингтегі ең үздік нәтижесіне қол жеткізді. Бұған дейін мәнерлеп сырғанаушы үшінші орында тұрған болатын, деп хабарлайды ult.kz.

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров Халықаралық конькимен жүгірушілер одағының (ISU) әлемдік рейтингінде екінші орынға көтерілді. ISU сайтында жарияланған рейтингке сәйкес, Олимпиада чемпионының қоржынында 4193 ұпай бар.

Бұл – қазақстандық мәнерлеп сырғанаушының әлемдік рейтингтегі ең үздік көрсеткіші.

Рейтингтің бірінші сатысында 4590 ұпаймен америкалық мәнерлеп сырғанаушы Илья Малинин тұр. Ал Жапония өкілі Юма Кагияма үшінші орынға сырғыды. Ол Шайдоровтан 70 ұпайға қалып келеді.

Рейтингте одан кейін тағы бір жапон спортшысы Шун Сато 3949 ұпаймен төртінші орында тұр. Бесінші сатыға 3660 ұпай жинаған француз спортшысы Адам Сяо Хим Фа жайғасқан.

Бұған дейін Михаил Шайдоров Братиславада өткен ISU Challenger сериясындағы Memorial Ondrej Nepela халықаралық турнирінде қола медаль жеңіп алған болатын. Бұл қазақстандық мәнерлеп сырғанаушының Италиядағы Олимпиададағы жеңісінен кейінгі алғашқы халықаралық жарысы болды.