Михаил Шайдоров Братиславадағы халықаралық турнирде қола жүлде жеңіп алды

Михаил Шайдоров Братиславадағы халықаралық турнирде қола жүлде жеңіп алды
Фото: ҚР ҰОК

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров Словакияда өткен ISU Challenger сериясындағы Ондрей Непела мемориалында жүлдегерлер қатарынан көрінді, деп хабарлайды Ult.kz.

Ұлттық олимпиадалық комитеттің хабарлауынша, спортшы қос бағдарламаның нәтижесі бойынша 272,75 ұпай еншіледі. Ол қысқа бағдарламада 95,98 ұпай алса, еркін бағдарламада өнерін 176,77 ұпайға бағалатты.

Аталған сында бірінші орынды бейтарап мәртебеде бақ сынаған ресейлік Евгений Семененко (292,09 ұпай) иеленді. Екінші сатыға 278,80 ұпай жинаған Италия өкілі Даниэль Грассль жайғасты.

Братиславадағы турнир Михаил Шайдоров үшін 2026/27 жылғы жаңа маусымдағы алғашқы халықаралық жарыс болды.