Месси бесінші рет «Алтын бутсы» иегері болды

Месси бесінші рет «Алтын бутсы» иегері болды

Еуропаның спорттық басылымдар қауымдастығы «Барселонаның» шабуылшысы Лионель Мессиге «Алтын бутсы» табыс етті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Месси 2017/18 маусымындағы Еуропаның ең үздік бомбардиры атанды. Өткен маусымда аргентиналық футболшы Премьер-лиганың 36 матчында 34 гол соқты.

Аталмыш марапат үшін бақталаста ол мысырлық Мохамед Салахтың алдын орап кетті. М.Салах Премьер-лиганың 36 кездесуінде 32 рет гол салды.

Л.Мессиге «Алтын бутсы» бесінші рет табысталып отыр. Бұған дейін марапатты 2009/10, 2011/12, 2012/13 және 2016/17 маусымдарда алған болатын. Месси «Алтын бутсы» сыйлығын ең көп иеленген футболшы. Екінші орында - бүгінде «Ювентус» сапында ойнап жүрген Криштиану Роналду. Оның еншісінде 4 жүлде бар.